Өскемен
-24°
туман ветер 1 м/с, СЗ
472.17 495.5 7.57

«AMANAT» партиясы ШҚО филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясы өтті

10.09.2022, 10:24 4 0 Мадина Амангелдіқызы

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясы өтті, деп хабарлайды Аймақтық коммуникациялар қызметі. 

Конференцияға партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, депутаттық фракциялардың басшылары, өңірлік және аумақтық қоғамдық кеңестердің, партиялық бақылау комиссияларының төрағалары, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, қоғамдық бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2022-09-08 at 17.57.15.jpeg


«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 мамырдағы №887 Жарлығына сәйкес 8 маусымдағы Шығыс Қазақстан облысын Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына аумақтық бөлу бойынша жұмыс жүргізілді. Осыған байланысты, бүгін облыстық Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу бойынша облыстық филиалдың кезектен тыс ХХVI конференциясы өтуде, - деді «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Даниал Ахметов.


Кезектен тыс XXVI конференция делегаттары бірауыздан «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының жаңа мүшелерін сайлады. Сонымен қатар Саяси кеңестің ұйымдастыру отырысында Саяси кеңес Бюросының мүшелеріде сайланды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив