KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

Жаңа бюджет кодексі – мемлекеттік қаржыны бақылауды күшейтеді

фото: prodengi.kz

3.01.2024, 15:35 153 Ынтымақ Толқын

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген сұхбатында ел экономикасын дамытуға қатысты бірқатар маңызды бағыт атап көрсетілген. Мәселен, жаңа бюджет кодексін енгізу және инвестиция тарту.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ басқарма мүшесі-ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Жадыра Қоңырбаева осы бағыттарды тарқатып айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Жаңа Бюджет кодексін енгізу мемлекеттік қаржыны бақылауды күшейтудің, олардың тиімділігін арттырудың және бюджет қаражатын ұтымды, әрі үнемді пайдалану қағидаттарын белгілеудің негізгі құралы бола алады. Онда: бюджетті қалыптастыру үшін негіз болатын стратегиялық басымдықтар мен нысаналы көрсеткіштерді әзірлеу үшін тетіктерді енгізу; бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін жауапкершілік тетіктерін айқындау; қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді және борышқа қызмет көрсету шығындарын барынша азайтуды ескере отырып, мемлекеттік борышты басқару жүйесін әзірлеу; сыбайлас жемқорлықты азайтуға және жауапкершілікті арттыруға ықпал ету мақсатында бюджетті қалыптастыру және бақылау процестеріне жұртшылықтың қатысуы үшін тетіктерді енгізу көзделетін болады. Осы қағидаттарға бағытталған жаңа Бюджет кодексі Бюджет ресурстарын ұтымды және үнемді пайдалануға ықпал ете отырып, мемлекеттік қаржыны басқарудың неғұрлым тиімді және тұрақты жүйесін құруға көмектеседі, – дейді ол.

Айта кетелік, мемлекет басшысы экономиканың қарқынын арттырудағы тағы бір міндет инвестиция тарту екенін атап өткен.

– Ауқымды инвестициялар экономиканың әртүрлі салалары мен секторларына айтарлықтай әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын құруға, өндірістік қуаттылықты арттыруға және инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етуі мүмкін. Ол үшін  іскерлік ахуалды жақсарту, бюрократиялық кедергілерді азайту және бизнесті тіркеу процестерін жеңілдету секілді инвесторлар үшін тартымды орта жасау қажет. Жолдар, порттар, әуежайлар және энергетикалық нысандар салу сияқты инфрақұрылымдық жобаларға бағыттылаған инвестициялар – сөзсіз экономикалық өсуді ынталандыруы мүмкін. Бұл ретте, шетелдік инвесторларды белсенді тарту экономикаға айтарлықтай үлес қоса алады. Ол мақсатқа  шетелдік кәсіпорындарға жеңілдіктер, кепілдіктер беру және оларды ынталандыру арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар еліміздің жас инновациялық компанияларына инвестиция салу мен мемлекеттік қолдау көрсету – жаңа технологиялар мен Индустриялардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін, – деді Ж.Қоңырбаева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив