KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 1,7 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да өңірлік цифрлық кітапхана порталы құрылады

17.01.2024, 16:18 241 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қазіргі таңда цифрлық жүйе ғарыштап дамып барады. Сондықтан да дамудың кез келген саласы цифрлық жүйемен тікелей байланысты болмақ. Бұл тұрғыда Пушкин атындағы облыстық кітапхана жүйелі жұмыс істеп келеді.

Бүгінгі таңда Пушкин атындағы кітапхана өңірлік цифрлық кітапхана порталын құруды қолға алды. Оған С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT мамандары тартылған. Сондай-ақ кітапхана тестілік режимде орыс және шет тілдеріндегі электронды және аудиокітаптардың ең ірі коллекциясы жинақталған «ЛитРес» электронды кітапханасы сервисіне қосылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Біздің ел де әлемнің басқа елдері сияқты, цифрлық дамуда өз стратегиясын жүзеге асыруды қолға алып отыр. 2023 жылы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 269 қаулысымен Цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы бекітілді, ол елдің барлық саласын цифрлық трансформациялауға және инновациялық экономика құруға бағытталған.

Осы орайда Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қызметкерлері кітапхана қорын белсенді түрде электрондық форматқа аударып, цифрландырылған дереккөздер көлемін барынша арттыруда. Облыстық әкімдік кітапхананың идеясын қолдап, планетарлық сканерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 29 млн. теңге сомасында қаражат бөлді.

– Пушкин атындағы кітапхана өңірлік цифрлық кітапхана порталын құруды жоспарлап отыр, оны әзірлеу үшін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT мамандары тартылды. Порталдың маңызды міндеті –облыстың барлық кітапханаларының қорын қамтитын жиынтық электрондық каталогты қалыптастыру болып табылады. Аталған каталогта кітаптың нақты қай кітапханада орналасқандығы көрсетіледі, –  дейді кітапхана қызметкерлері. 


Сонымен қатар, облыстық кітапхана тестілік режимде орыс және шет тілдеріндегі электронды және аудиокітаптардың ең ірі коллекциясы жинақталған «ЛитРес» электронды кітапханасы сервисіне қосылды. Кітаптар барлық танымал форматтарда қолжетімді: FB2, FB3, ePub, PDF, PDF A6, TXT, HTML, RTF, MOBI. Кез-келген оқырман өзі қалаған электронды кітапты таңдап, кітапханашыға тапсырыс беріп, оны 2 аптаға оқуға ала алады. Кітапхананың ары қарайғы әрекеті «ЛитРес» сервисіне тестілік қосылудың нәтижесі бойынша анықталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив