KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Тілсіз жаумен күрес әлі де жалғасуда - ШҚО

9.09.2022, 10:35 328

ШҚО ТЖД  баспасөз қызметі 9 қыркүйектегі өрт жағдайы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Күршім ауданында "Марқакөл орман шаруашылығы" РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөптер, бұталар, ағаштар өртенді. Өрттің алдын-ала аумағы 1 800 га құрайды. Жақын жерде орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ. Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 278-ден астам адамы мен 34 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, ауа райы жағдайларымен күрделенген, сондықтан суағар құрылғылары бар 3 тікұшақ тартылды. Қазір тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр.

-        Алтай ауданында "Зырян орман шаруашылығы" КММ және "Быков орманшылығы" аумағындағы бұталар мен шөптерді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау", ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері таулы жерлерде 1400 Га алдын ала алаңда сөндіруді жалғастыруда.  Елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылды.  Жоюға барлығы 350-ден астам адам мен 33 техника жұмылдырылды, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ал, Катонқарағай ауданында, Алтынбел ауылынан 12 км, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында орман аймағында бұта, құрғақ шөп өртенеді. Қызыл жалынның алдын ала ауданы 1900 гектарды құрайды. Айта кету керек елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ. Өрт сөндіруге 350 адам және 27 бірлік техника, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, халық, полиция, МИ-2 және МИ-17 тікұшақтары тартылды.

Құйған ауылдық округі аумағында  шөп пен бұталар өртенді, өртті сөндіру  жетуі қиын жерлерде болғандықтан қиындық тудыруда, алдын-ала алаңы 200 Га. Орман аймағында өрттің таралуы 17,5 Га алаңда тоқтатылды, өрт тек дала аймағында ғана жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жоюға ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, полицияның 70-тен астам адамы мен 18 техникасы жұмылдырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив