Өскемен
-25°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

Облыстық медициналық орталық жөнделеді

9.09.2022, 10:28 1 0 Оразай Жеңісұлы

Облыстық мамандандырылған медициналық орталық жөнделеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Аталмыш медициналық мекеме негізінен шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Ауруханада хирургия, нейрохирургия, урология, терапия, гинекология, травматология және басқа да бөлімдер жұмыс істеп тұр.

Естеріңізде болса, осыдан үш аптаға жуық уақыт бұрын мамандандырылған медициналық орталыққа облыс әкімі бас сұғып, мұндаға ахуалдан хабардар болған.

«Ауруханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірлену сатысында. Қаражат бөлінгеннен кейін жөндеу бірден басталып кетеді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив