Семейде екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқитын болды

Семейде екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқушылар көктайғақтың кесірінен онлайн форматқа көшті.
«Таңертең қаладағы 9 сыныпқа дейінгі оқушылар сабақты қашықтан оқыған. Сондай-ақ көктайғақ салдарынан Курчатов қаласындағы 0-11 сынып оқушылары да мектепке бармады», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сонымен қатар оқыңыз