KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 7 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

ШҚО –да «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

9.09.2022, 10:15 341

ШҚО-да 9-10 қыркүйек күндері «Жолда қабылдау» акциясының кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Іс-шара жұртшылыққа жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасы жайлы өздеріне ыңғайлы уақытта консультациялық және құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді.
Облыс тұрғындары мен қонақтары тегін кеңес алу үшін сағат 10:30 және 15:00-де Instagram  желісінде (@eastkazpolice) өтетін тікелей эфирлерге қосыла алады. Сондай-ақ мобильді топтар тікелей қабылдауды жүзеге асырады.
9 қыркүйек:
1. Өскемен қ. ПБ азаматтарына арналған қабылдау бөлмесі, Қабанбай батыр к-сі, 152;
2. Өскемен қаласының № 1 бөлімінің халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған секторы (арнайы.ХҚКО), Абай даңғылы, 203/3.
10 қыркүйек:
1. Өскемен қ.ПБ, Қабанбай батыр к-сі, 152 Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив