ШҚО-да екі тас жол жабылды

ШҚО-да боран соғып, ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар бірқатар тас жолдар жабылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгін сағат 19.00-ден бастап облыстық маңызы бар Өскемен-Тарғын-Самар тас жолының Тарғын ауылынан Самар ауылына дейінгі 63-145 шақырымындағы учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабық.
Сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының Қалбатау ауылынан Ұлан ауылына бұрылатын тұсқа дейінгі 971-1048 шақырымындағы учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін жабық.
Сонымен қатар оқыңыз