Өскемен
+10°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

Желтоқсан айында неше күн демаламыз?

23.11.2021, 19:58 30 0 Мадина Амангелдіқызы

Жылдың соңғы айында қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасы бойынша 11 күн демалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Желтоқсанда елімізде екі мереке атап өтіледі – Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні.

Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсанда мерекеленеді. Биыл ол сәрсенбіге түсіп отыр. Яғни, бұл күні демаламыз.

Тәуелсіздік күні екі күн тойланады – 16-17 желтоқсан. Одан кейін сенбі және жексенбі күндер (18-19 желтоқсан) келіп тұрғандықтан, 4 күн қатарынан демалыс болады.

31 желтоқсан жұма күніне түскендіктен, жұмыс күні болып табылады.

Ал Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар тағы да 4 күн қатарынан демалады – 1, 2, 3, 4 қаңтар.

Рождество мерекесі жұма күнге түсіп отыр, демек үш қатарынан демалыс беріледі.

2022 жылы барлығы 245 жұмыс күні және 120 демалыс күні болады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив