Өскемен
+3°
пасмурно ветер 1 м/с, С
457.29 490.35 5.97

2022 жылы кімдердің жалақысы өседі?

23.11.2021, 16:35 92 0 Мадина Амангелдіқызы

Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің жалақы деңгейін арттыру жөнінде дәйекті шаралар қабылдауда. 2022 жылы тағы бірқатар саладағы қызметкерлердің жалақысы өседі екен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кетсек, 2020 жылдан бастап педагогтардың жалақысы кезең-кезеңімен артып келеді, 2023 жылға қарай ол 2 есеге артады. Ал 2021 жылы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды. Нәтижесінде 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады.

2022 жылдан бастап мұндай жоғарылау әсер етпеген санаттардың жалақысы ұлғаяды. Олар – мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер және т.б.. Шамамен 588 мың адамның еңбекақы мөлшері өседі.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив