Өскемен
-9°
переменная облачность ветер 5 м/с, З
460.79 490.51 6.02

23 қараша: жауын-шашын, боран, көктайғақ

22.11.2021, 15:57 54 0 Мадина Амангелдіқызы

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 23 қарашада ШҚО аумағында қатты жауын-шашын болып, боран соғады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Күндіз облыстың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады, негізінен қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында - боран, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Ал облыстың батысы мен шығысында жел екпіні 23-28 м / с жетеді.

Өскемен және Семей қалаларында күндіз бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні - оңтүстік-батыстан 15-20 м/с.

Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен"тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыз.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112"телефоны бойынша хабарлаңыз.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив