Өскеменде Pfizer вакцинасын 500-ден астам адам алды

«Комирнати» (Pfizer) вакцинасы облыс орталығына осы аптаның басында әкелінген болатын. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентін 504 адам алып үлгерген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Вакцина 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер салынады. Pfizer препаратының құрамында коронавирус бөлшектері жоқ екендігі айтылған. Вакцинация кезінде организмде антиденелер мен иммунитет түзіліп, коронавирустан қорғайды.
Қазіргі таңда Өскеменде 446 жасөспірім мен 58 әйел, оның ішінде жүкті және бала емізетін әйелдер егілді. Балаларды вакцинациялау ата-аналардың ерікті келісімімен жүргізіледі. Вакцинацияға дейін бала медициналық тексеруден өтеді, қан қысымы мен сатурация тексеріледі. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, онда вакцинациядан өтуге рұқсат етіледі. Екпе алғаннан кейін 30 минут бойы пациент медициналық бақылауда болады.
Вакцинаның екінші компонентін 21 күннен кейін алады.