Өскемен
-7°
небольшая облачность ветер 10 м/с, СЗ
448.05 486.58 5.82

Алтай ауданында балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялау науқаны басталды

17.11.2021, 23:24 27 0 Ләззат Қанатқызы

Алтай ауданының орталығына «Комирнати» (Pfizer) вакцинасының 300 дозасы жеткізілді. Ал 16 қараша күні бірден екі қалалық мектепте жасөспірімдерге арналған вакцинация науқаны басталып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Медицина қызметкерлері кәмелетке толмағандарды вакцинациялауға ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен ғана жол берілетінін еске салды.
№ 6 орта мектепте жоғары сынып оқушылары коронавирусқа қарсы алғашқы екпелерін алды.
-        Біз ата – аналардың вакцинацияға қатысуын дұрыс деп санаймыз. Себебі бұл бала психологиясына әсер етеді. Сонымен қатар, егер ата – ана немесе заңды өкілдің келуге мүмкіндігі болмаса, сынып жетекшісі немесе психолог қатыса алады. Тексеру және сауалнама міндетті түрде ересек адамның қатысуымен жүргізіледі, – деп түсіндірді Алтай ауданының жалпы практика дәрігері Лейла Жомартқанова.

 

27
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив