Өскеменде «Алау-2021» жүлдесіне өтінімдер қабылдана бастады

Өскеменде қала әкімінің әкімінің жастар арасындағы «Алау-2021» жүлдесіне арналған байқау өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы қала тұрғындары қатыса алады. Жүлде 9 номинация бойынша жылына бір рет беріледі: «Үздік оқушы»; «Үздік студенттік көшбасшы»; «Үздік жас ұстаз»; «Үздік жас ғалым»; «Үздік жас дәрігер»; «Үздік жас кәсіпкер»; «Үздік жас металлург»; «Үздік жас спортшы»; «Үздік жас мәдениет және өнер маманы». Бір үміткер екі және одан көп номинацияға ұсынылмайды.
Жүлдеден үміткер жастарды жергілікті мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіптік одақтар, жастардың қоғамдық бірлестіктері және басқа да ұйымдар ұсынады немесе қатысушылар өтінімді өздері ұсына алады.
Қатысушылар туралы құжаттар 2021 жылғы 30 қарашаға дейін Әуезов даңғылы, 5 мекен-жайында орналасқан Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қабылданады. Анықтама телефондары: 8/7232/250-170, 8/7232/250-190.