Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Аягөзде тұрғын үй мәселесі қалай шешіліп жатыр?

7.09.2022, 17:35 6 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстанда тұрғын үй құрылысының қарқыны жыл санап артып келеді. Өйткені облыс басшылығы бұл мәселесе баса мен береді. Мәселен өткен жылы аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына коммерциялық тұрғын үй құрылысының алдағы бес жылға перспективалық жоспарын жасауды тапсырған болатын. Осындай жұмыстардың нәтижесінде қала-аудандардағы құрылыстың тамырына қан жүгіріп, өңірде тұрғын үй кезегі жыл санап қысқарып келеді.

Тұрғын үй құрылысын жолға қойған аудандардың бірі – Аягөз. Сөзімізді дәйектейік, аудан көлемінде өткен жылы ғана тұрғын үй кезегінде тұрған 140 отбасы баспаналы болды. Оған қоса оффтейк контракт арқылы сатып алынуға бағытталған 39 екі пәтерлі (78 баспана) тұрғын үйлер баспанаға мұқтаж жандарға берілді. Жалпы, бұл жобалар арқылы баспана кезегінде тұрған 186 отбасы тұрғын үймен қамтылмақ.

Сондай-ақ «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында Аягөз қаласында 29 екі пәтерлі (58 баспана) және несиелік бағыттағы бір пәтерлі 50 тұрғын үй халық игілігіне пайдалануға берілді. Бұдан өзге  «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында Аягөз ауданы бойынша мемлекет тарапынан 31 отбасы 1 000 000 теңгенің сертификатын алды. Несиелік бағыттағы бір пәтерлі 50 тұрғын үй «Отбасы» банкі арқылы сатылуда.

«Бастау Баспана», «Жұмыспен қамтудың жол картасы », «Бір қабатты Шығыс», тағы басқа  тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекет тарапынан жасалып отырған жеңілдіктердің арқасында көптеген отбасылар жаңа үйлерге қоныстанды. Әрине, ұзақ жыл қордаланған мәселелер бір күнде шешіле салмайтыны анық.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  өткен жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «..Тұрғын үй азаматтарымыз үшін – қашанда басты мәселе. «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Сонымен қатар  нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банкі» оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында «бір терезе қағидаты» бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр. Мен бұған дейін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастаманың оң әсері туралы айттым. Сондай-ақ бұл қадам адамдардың жұмыс берушілерден еңбекақыны ашық төлеуді талап етуіне жол ашты. Осы үрдісті қолдау үшін зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында «Отбасы банкіндегі» есепшотқа аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын. Сонымен қатар бұл қадам жұрттың қаражат жинауды және оны сауатты жұмсауды дағдыға айналдыруына мүмкіндік береді» - деген болатын.

Шынымен де, Аягөзде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Мәселен соңғы жылдары  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Мамырсу ауылында қайта жөндеуден өткен спорт зал кешені, Сарыарқа ауылдық округінің орта мектебінің жанынан жаңа спорт зал ғимараты пайдалануға берілді. Ақтоғай кентінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. «Солтүстік» ықшам ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында салынған 50 орындық шағын отбасыларына арналған  жатақхана құрылысы аяқталып, жас отбасыларға пайданануға берілді. Аягөз гарнизонының «Оңтүстік» әскери қалашығында 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің кілттері әскерилерге табыс етілді. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында көптеген тұрғындар  баспанамен қамтылды. Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екі бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

– Жалпы, адам баласын тұрақты жұмыс, жайлы баспанамен қамтамасыз етуге күш салу керек. Өйткені елдің әлеуметтік-эконмикалық дамуының алғы шарты бұл. Қуанарлығы, біздің ауданымызда соңғы жылдары әжептәуір қозғалыс байқалады. Баспанасыз жұрт тұрғын үйлермен қамтылуда. Қаланың батыс беткейінен «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша кәдімгідей аумағы атшаптырым қалашық орнаған. Көрсең көз сүйсінеді. Елдің жай-күйі, халықтың тұрмысы жақсарса, тұтас мемлекетіміз де оңала бастамақ. Бұған біз көз жеткізіп келе жатқан жандармыз, – дейді Аягөз қаласының тұрғыны Дәулет Кәттебайұлы.

Жоғарыда айтқанымыздай, тұрғын үйге келгенде Шығыста тың жаңалық көп. Өңірде 2020 жылы 520 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. 2021 жылы облыс басшылығы халық игілігіне берілетін баспана көлемін 560 мың шаршы метрге жеткізуді мақсат етті. Осы орайда өңір әкімі:

«Тұрғын үй мәселесі енді «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында шешіледі. Жоба мемлекеттің инженерлік-коммуникациялар жүргізуі есебінен жер үйлер құрылысын ынталандыруға арналған. Бюджет есебінен бөлінген 29 млрд теңге 642 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын жүргізуге және жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді», - деген еді.

Биыл аталған екі жылдағы көрсеткіш еселене түкеніне сеніміздіміз. Бұған Аягөз сынды аудандардың тұрғын үй салудағы қарқыны бұлтартпас айғақ.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив