Өскемен
-25°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

Ұлттық ұлан сарбаздары 3 сағат ішінде Курчатов қаласындағы өртті сөндірді

7.09.2022, 17:12 1 0 Мадина Амангелдіқызы

6 қыркүйек күні сағат 19.00-де Курчатов қаласының Ұлттық ядролық орталығы мен ТЖБ өрт тобының күшімен "Ақтан - Берлин" күзетілетін объектісінің бойындағы даладағы жану ошақтары жойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ілеспе желдің салдарынан өрт күзетілетін объектіге қарай тез тарала бастаған еді. Бұл туралы бөлімнің қарауылына хабар берілді.

3514 әскери бөлімінің командирі подполковник Сәкен Нұртаев өртті жою мақсатында әскери бөлімнің жеке құрамын жедел – қызметтік әзірлік дәрежесіне келтірді.

Өртті сөндіру үшін 180-ге жуық әскери қызметші мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.


- Тәуліктің қараңғы уақытына қарамастан әскери бөлімнің жеке құрамы өрт орнына жедел келіп, сенімді және ұйымшылдықпен өртті сөндіруді бастап кетті. Шамамен 3 сағаттан кейін өрт толығымен сөндірілді. Өрттің себептері анықталуда, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Бағдат Амангелді.


WhatsApp Image 2022-09-07 at 16.26.46.jpeg

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив