KZ
Өскемен
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Риддер қаласында оқушыны көлік қағып кетті

23.10.2022, 21:16 64

Риддер қаласында оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қыз бала жолдың келесі жағына өтіп бара жатқан және бұл кезде жаяу жүргіншілерге бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрған.

«Ford Focus маркалы көліктің жүргізушісі мектеп оқушысын Безголосов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында қағып кеткен. Апат салдарынан көп жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив