ШҚО-ға төтенше жағдайлар вице-министрі келді

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Вице-министр көктемгі су тасқынына қарсы дайындықтың барысымен танысты.
Мәселен Семейдің Ертіс ауданында Пристань, Мирный, Восточный кенттері мен Бейбітшілік аралындағы 254 тұрғын үйге жыл сайын тасқын қауіп төндіреді. 2021 жылы су тасқынына қарсы жұмыстарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қаражат бөлінді. Жалпы ұзындығы 2566 метр болатын жағалауды нығайту жоспарда бар.
– Қазір жер қазу, жоспарлау жұмыстары аяқталды. Жағалау тазаланды. Темірбетон плиталар төселіп жатыр, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, Марат Күлдіков Бородулиха ауданы Новопокровка ауылына барып, Жура өзенін тереңдету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.