Өскемен
-30°
плотный туман ветер 1 м/с, С
468.9 485.64 7.7

1 қыркүйектен бастап қару лицензиясын 21 жасқа толғанда ғана алуға болады

7.09.2022, 16:11 0 0 Мадина Амангелдіқызы

Енді Қазақстанда қаруды сақтауға және пайдалануға лицензияны тек 21 жастан бастап алуға болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

2022 жылғы 11 шілдеде қол қойылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау тәртібін жетілдіру және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 11 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Заңмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне газды, травматикалық, оқсыз атылатын, белгі беретін және лақтырылатын қаруды заңсыз алып үшін қылмыстық жауапкершілікті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сондай-ақ, осы Заңға сәйкес:

- тегіс ұңғылы аңшылық қаруға рұқсат алудың шекті жас мөлшері18 жастан 21 жасқа дейін ұлғайтылады;

- қаруға рұқсат алу үшін медициналық куәландырудан өту тәртібі

зорлық-зомбылыққа және құмар ойындарға бейімділіктіңболуына міндетті түрде психологиялық тестілеуден өтуімен күшейтіледі;

- денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғу, қаруды қайтадан жоғалту, заңсыз митингілерге қатысу, төтенше жағдайды, құқықтық режимді бұзу, төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер, азаматтығы тоқтатылған кезде, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылғанда, сондай-ақ қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда рұқсаттардың қолданысын тоқтату енгізіледі;

- заңды тұлғаларға қаруды атуға жарамсыз күйде сақтау міндеттемесі енгізіледі;

- қарудың, есірткі құралдардың, психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты ауыр және аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ террористік және экстремистікқылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарға қару ұстауға өмір бойына тыйым салу туралы жаңа шектеу белгіленеді.

Бұдан басқа Заңмен азаматтық және қызметтік қару айналымы мәселелері бойынша бірқатар редакциялық түзетулер енгізілді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне 191-бапты (Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзу) және 484-бапты (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) біріктіру арқылы жалпыға бірдей құқық бұзушылық жасау бөлігінде өзгерістер енгізілді.

 

- Лақтырылатын, оқсыз атылатын, белгі беретін және олардын негізгі (құрамдас) бөліктерінзаңсыз иеленіп алғаны, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді және елді мекендерде қаруды,оның ішінде оқсыз атылатынқаруды құқыққа сыйымсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді, - дейді Өскемен қаласы полиция басқармасы ӘПБ АҚҚАБ тобының инспекторы, полиция майоры Досан Әділов.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив