Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өртті ауыздықтауға 200-ге жуық Ұлттық ұландықтар көмекке жіберілді

7.09.2022, 13:07 2 0 Мадина Амангелдіқызы

7 қыркүйек күні түнгі сағат 01:00 шамасында Глубокое ауданында, Каменный карьер ауылының маңында құрғақ шөп, бұта өртенді. Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 35 гектарды құрайды. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, ЖАО, орманшылар, полиция жеке құрамының 19 техникасы мен 138 адамы жұмылдырылған.

Ұлттық гвардияның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған  жағдайға  байланысты көмекке 5518 әскери бөлімінің 200 жуық жауынгері  жіберіліп отыр. Ұландықтар дереу "Таулы үлбі "  ауданындағы  өртті сөндіруге аттанды.




 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив