KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Аягөздегі шаруа құрылымдары жаңа технологияларды енгізді

7.09.2022, 12:06 163

Өткен жаздағы қуаңшылықтан кейін өңірде жемшөп оңайға соқпайтыны анық. Ірі шаруа қожалықтары үшін малдың қысқы азығын дайындау ауқымды мәселе екені де белгілі. Алайда Аягөз ауданындағы шаруа қожалықтары биыл бұл мәселеге келгенде, тыңнан жол тауып кетті.

Шаруа құрылымдары жаңа технологиямен жұмыс істеуге көшті. Анықтап айтсақ, Ақшәулі ауылына қарасты «Ақшәулі Ақбасты» ЖШС, Майлин ауылына қарасты «Бексұлтан» шаруа қожалықтары биыл суармалы қондырғылар сатып алды. Сондай-ақ Қарағаш ауылдық округіне қарасты «Жас талап» шаруа қожалығы да 2023 жылы осындай қондырғыларды сатып алуды жоспарлап отырған көрінеді.

– Сол сияқты Ақши ауылына қарасты «Береке-7» шаруа қожалығы суармалы жерлерінен мал азығын дайындау үшін күн нұрынан қуат алатын электрлік қоршаулар орнатты. Осындай аудандағы жасалып жатқан игі іс-шараларға басқа ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтары да қызығушылық танытуда. Бұл басшылықтың ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізуге қатысты  тапсырмасынан бастау алып отыр, – дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Оразбек Кеңшіліков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив