KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Бесқарағайда «Ядролық қарусыз Қазақстан» тарихи сағаты өтті

7.09.2022, 11:42 155

Бесқарағай ауданының кітапханасында Семей ядролық полигонының жабылу күніне орай «Ядролық қарусыз Қазақстан» тарихи сағаты өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Іс-шара барысында ядролық қарудан бас тартқан еліміздің халықаралық аренадағы рөлі насихатталды. Осы арқылы жастарды ел мен жерді, бейбітшілікті сүюге шақыру тарихи сағатты басты мақсаты болды.

Тарихи сағат Олжас Сүлейменовтың «Бандерлог аралы» өлеңімен басталды. Осыдан кейін жастар кітап көрмесімен тамашалап, Семей ядролық полигонының құрылуы және жабылуы туралы тың мағлұмат алып, «Невада–Семей» антиядорлық қозғалысына және полигонының жабылуына көп еңбек сіңірген Олжас Сүлейменов пен Кешірім Бозтаев туралы әдебиеттерге шолу жасады.

Көрмеден соң жерлестеріміз – ақын Ұлықбек Есдәулеттің сөзіне жазылған композитор Төлеген Мұхамеджановтың «Заман-ай» әнін, Хиросимадағы қайғылы оқиғаны еске алу үшін жазылған белгілі қазақ ақыны Серік Ақсұңқарұлының «Хиросима. 999 журавликов» өлеңін тыңдалды.

Іс-шара соңында жастар өз қолдарымен бейбітшіліктің, ядролық сынақтар мен жарылыстарға қарсы наразылықтың символына айналған «тырналарды» жасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив