KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Аягөзде үздік ауыл әкімі анықталды

7.09.2022, 11:26 160

Елімізде жыл сайын, дәстүрлі түрде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен "Үздік ауыл әкімі" байқауы өткізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш сайысқа ниет білдірген әкімдер округтарды дамыту бойынша өз жобаларын ұсынады және өздерінің әкімшілік аумақтарының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы хабардар етуі тиіс.

Аягөз ауданында үздік ауыл әкімі анықталды.

-        Байқаудың басты мақсаты -  ауыл дамуында жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу. Аудандық конкурстың іріктеу қорытындысы бойынша 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Аягөз ауданының Малкелді ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мақсат Исаханов үздік деп танылды, - деп хабарлады Аягөз ауданының әкімдігі.

Енді Мақсат Исаханов ауданның намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив