KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

7.09.2022, 11:21 373

Шығыс Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Осы орайда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері жас буынды іріктеудегі ерекшеліктер туралы айтты.

Жалпы күзгі әскерге шақыру кезеңі 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Төрт айда еліміздің әскери құралымдарында 18-27 жас аралығындағы 18 мыңға жуық жас сарбаз сап түзейді. Ал Шығыс Қазақстаннан осы айда Қарулы күштерге 500-ден астам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне 250-ден астам, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен Мемлекеттік күзет қызметіне 600-ден астам жастүлек аттанады.

Ал кімнің қай әскери салаға баратыны, офицерлердің айтуынша, былай іріктеледі.

Мемлекеттік күзет қызметін жасақтау үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі және дене шынықтыру дайындығы бойынша қойылатын талаптарға сәйкес тәртіппен жүргізіледі. Мәселен бойдың ұзындығы 185 сантиметрден кем болмауы керек.

Ұлттық ұланға және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне алынатындардың бойы 165 сантиметрден кем болмауы керек

Сондай-ақ жоғары білімі бар жастар бейініне ұқсас мамандықтар бойынша да іріктеліп, оқу-жаттығу бөлімдеріне жіберіледі.

Департамент өкілдерінің айтуынша, әскерге шақыру кезеңіне дейін жасөспірімдерді зерделеу үрдісі жүргізіледі.

– Жыл сайын қаңтар айынан бастап 16 жастағы жасөспірімдерді есепке алу жұмыстары атқарылады. Сол кезде әскер қатарына алынатындар тізімі жасалады. Әрбіреуінің иморальдық-психологиялық жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Әскерге жарамды деп танылғандар келесі іріктеуден, яғни медициналық тексеруден және психологтың полиграфологиялық тексеруінен өтеді, – дейді жинақтау басқармасының басшысы Еркеш Бикбаев.

Осы орайда басқарма басшысы айтқан зерделеу үрдісі туралы қосымша мағлұмат бере кетуді жөн санадық.

Өкілетті орган жеке істерді зерделеу кезінде әскерге шақырылушылардың сауалнама деректерін қарап, азаматпен және оның ата-анасымен әңгімелеседі.

Зерделеу барысында жастардың:

· мамандығы;

· моральдық және іскерлік қасиеті;

· денсаулық жағдайы;

· дене бітімі;

· жалпы білімі;

· арнайы дайындығы;

· отбасы жағдайы жөніндегі мәлімет нақтыланады.

Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған, тергеуде жүрген, заңсыз қоғамдық бірлестіктердің немесе дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшелері ретінде арнайы есепте тұрған азаматтар басты назарға алынады.

Ал әскерге алынғандар алты айдан кейін келісімшарт бойынша қызмет атқара алады.

– Бұл жолы да әскерге жарамды азаматтарға SMS-хабарлама жіберілді. Сондай-ақ олардың тұрғылықты мекенжайына және жұмыс орындарына дербес шақырту қағаздарын жіберу үрдісі де сақталған. Департаменттің офицерлер құрамы осы іс-шараның мүлтіксіз өтуін тікелей қадағалайды. Іріктеуден соң жаңа буын әскери мерзімді қызметті атқаруға жіберіледі. Ал алты айдан соң олар келісімшарт бойынша жұмыс атқара алады. Отбасы болған жағдайда, әлеуметтік тұрғын үймен де қамтылады, – дейді ҚР ҰҚҚ ШҚ ШҚО бойынша департаментінің офицері Даурен Кенжеғалиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив