Өскемен
+16°
небольшая облачность ветер 2 м/с, ЮВ
448.71 479.67 5.52

Өскемен тұрғыны жарты келі "шөпті" гаражға жасырған

29.10.2021, 17:54 78 0 Оразай Жеңісұлы

Өскемен тұрғыны өз гаражында жарты келіге жуық марихуана жасырған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Рефлекс» іс-шарасын жүргізген есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 59 жастағы тұрғынның гаражын тінтіген. Сөйтіп Toyota автокөлігінің жүк салғышынан шөп тапқан.

Сараптама жасалғаннан кейін тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені белгілі болды.

– Есірткілік заттың салмағы 464,39 грамм болды. Факті бойынша ҚР ҚК–нің 296-бабының 3-бөлігіне (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізумақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті 50 тәулікке қамауға алынады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

78
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив