Өскемен
+6°
облачно с прояснениями ветер 1 м/с, С
474.47 503.51 4.88

"Террористер басып алды" Өскемен тұрғыны полицияға жалған хабар берген

24.10.2021, 11:39 153 0 Оразай Жеңісұлы

Полицияға жалған хабар берге Өскемен тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102»-ге жергілікті тұрғын қоңырау шалып, облыс орталығындағы ғимараттардың бірін террористер басып алғанын жеткізген. Аталған мекенжайға тәртіп сақшылары шұғыл аттанған. Алайда бұл хабар шындыққа жанаспайтын болып шықты.

Полиция қызметкерлері қоңырау шалған адамды бірден анықтады.

– 35 жастағы тұрғын мас күйде қоңырау шалған. ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша іс қозғалды. Тәртіп бұзушыға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, – деді басқарма басшысы Андрей Мула.

153
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив