Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

Шемонаихада жазғы оқыту мектептері ұйымдастырылды

6.09.2022, 12:53 16 0 Мадина Амангелдіқызы
Шемонаиха ауданында «Коморово» шатырлы лагерінің базасында шемонаихалық жастарға арнап Белсенді жастар мектебі және Тәлімгерлік шеберлік мектебі сынды жазғы оқыту мектептері ұйымдастырылды.
Белсенді жастар мектебінің басты мақсаты қатысушыларды оқыту бағдарламасы жүйесіне кіріктіре отырып жастардың бастамаларын дамыту және қиын жағдайлардан шыға білуге үйрету болып табылады. Ал бұған жастардың азаматтық белсенділіктерін арттыру, оларды әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге тарту және аудан жастарының бос уақытын үйымдастыруды қамтамасыз ету сияқты міндеттер арқылы қол жеткізілмек.  
Аталмыш мектепке қатысушылар жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы толыққанды ақпарат алып, әлеуметтік бағытта жобалар құруды үйренді. Сонымен қатар, отбасылық тәрбие психологиясы бағытында тәлім алып, түйіндеме жазудың қыр-сырын үйренді. Жазғы оқыту мектебі аяқталған соң барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Ал, Тәлімгерлік шеберлік мектебі аясында жастар шығармашылық дамуға, әлеуеті жоғары жобаларын іске асыруға мүмкіндік алып, жаңа әлеуметтік рөлдерге бейімделді. Бұл мектептің бір ерекшелігі – жастарды тәлімгерлік ұжымдарды құруға және топтаса білуге үйретіп, олардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерін оятуға бағытталды. 
Тәлімгерлік шеберлік мектебінің бағдарламасында жастарға педагогика және психология бағытында дәрістер оқылып, балалармен жұмыс істеу тәсілдері үйретілді. Оған қоса, лагерлердегі тақырыптық күндерді құру, көшбасшылық қасиеттерді ояту, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу жайы да айтылды. Жазғы мектеп аяқталған соң барлық қатысушылар жасаған тақырыптық күндері бойынша емтихандар тапсырып, нәтижесінде сертификаттарға ие болды. Ал, ерекше белсенділік танытқан жастарға келесі жылы ұйымдастырылатын жазғы лагерлерден тәлімгерлік жұмыстар ұсынылды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив