KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-дан Қостанай облысының тұрғындарына 35 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

6.09.2022, 11:10 174

«AMANAT» партиясының ШҚО филиалында орналасқан гуманитарлық пунктке шығысқазақстандықтардан Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға 35 тонна гуманитарлық көмек жиналды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Партия Төрағасының тапсырмасына сәйкес 4-қыркүйектен бастап ШҚО  бойынша өрттен зардап шеккен Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылының тұрғындарын қолдау мақсатында партияның бір облыстық және 11 аумақтық филиалында арнайы гуманитарлық көмектерді жинау пункті ашылды. Игі шараға партия белсенділері, депутаттар, кәсіпкерлер, қарапайым шығысқазақстандық тұрғындар атсалысуда,- деді «AMANAT» партиясы ШҚО филиалының атқарушы хатшысы Сайрангул Жумадилова.
Атап айтқанда партияның облыстық филиалында орналасқан гуманитарлық пунктке 14 тонна ұн, 3 тонна минералды ауыз су 5 тонна макарон, 10 тонна күнбағыс майы және 3 тонна өзгеде дәнді дақсылдар жиналған. Сондай-ақ арасында бірінші қажеттілік заттар көрпе жастық, киім кешек тұрмыстық техникалар және өзгеде гигеналық заттар да бар. Жиналған гуманитарлық көмектерді жүк көліктеріне тиеуде және түсіруде облыстағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері және еріктілер тобы көмек қолдарын созды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив