Өскемен
-24°
туман ветер 1 м/с, СЗ
472.17 495.5 7.57

Бесқарағайда Президент Жолдауы түсіндірілді

6.09.2022, 10:50 2 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында Президент Жолдауы түсіндірілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Ақпараттық насихаттау тобының мүшесі Ж.Алпыспаева аудандық кітапхана мен мәдениет үйінің қызметкерлері арасында Қазақстан Президенті Қ. К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деп аталған Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша кездесу өткізіп, түсіндірме жұмысын жүргізді» - деп мәлімдеді Бесқарағай ауданының әкімдігі.

Қатысушылар Президенттің Қазақстанның болашағын айқындайтын бастамалары мен Жаңа Әділетті Қазақстан идеясын, еліміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтап қалу мақсатындағы бағдарларын мұқият тыңдап, пікірлерін ортаға сала отырып, Президент Жолдауын бірауыздан қолдады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив