Өскеменде тағы да жарылыс жұмыстары жүргізіледі

Бүгін 24-ші шағын аудандағы құрылыс нысанында жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін «Өскемен қаласының 24 тұрғын ауданының бас жоспарын және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу» нысанында жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Жоспарға сәйкес кварталішілік жылумен жабдықтау, су құбыры және кәріз желілерін тарту сынды жұмыстар жасалуы тиіс, – деп хабарлады ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармас.
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге «Kaz Explo Service» ЖШС жауапты екенін айта кетейік.
74
0
0
Сонымен қатар оқыңыз