KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Аягөз: әскери қызметшілерге жол қауіпсіздігі түсіндірілді

6.09.2022, 09:43 199

Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша Аягөз гарнизонындағы әскери қызметшілерге жоспарлы айлық аясындағы сабақ өткізілді.

Іс-шара аясында әскери автокөлік полиция бөлімшесінің офицері лейтенант Әбдікәрім Дәуренов пен әскери госпиталь дәрігері медицина капитаны Дәурен Терлікбаев жеке құрамға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Әскери тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін сақтауды әр адам өзінен бастау керектігін алға тартқан әскери полиция өкілі жол-көлік оқиғаларының салдарынан болатын жарақаттар туралы және бүгінгі күнге дейінгі арнайы мекемеде тіркеуден өткен статистикалық мәліметтерді жеткізіп, аймақта орын алған оқиғалардан тақырыпқа сай бірнеше мағлұматтар мен бейнероликтар көрсетті», - деп хабарлады Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Шараға арнайы қатысқан әскери госпиталь дәрігері тыңдаушыларға көлік жүргізгенде ережелерді сақтау керектігін тілге тиек етті, сондай-ақ жол апатынан зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету туралы нұсқау беріп, жеке құрам тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

– Бүгінгі өтіп жатқан сабақ жеке құрамның, оның ішінде автокөлігі барлардың жол-көлік ережелерін сақтап, құқық бұзудың алдын алуға ықпал етеді деп ойлаймын, – деді Аягөз гарнизоны әскери автокөлік полиция бөлімшесінің офицері лейтенант Әбдікәрім Дәуренов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив