Көші-қон заңнамасын бұзған 16 шетелдік елден шығарылды - ШҚО

ШҚО-да 11-18 қазан аралығында «Нелегал-Кордон» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шараның алғашқы екі күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 376 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 16 шетел азаматы елден шығарылды.
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруне 5 жылға тыйым салынады. Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік азаматтардың еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша заң бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жүргізілуде, - дейді ШҚП ПД баспасөз қызметі.
Өскемен және Семей қалаларында Өзбекстан Республикасының 15 азаматы анықталды, олар жеке тұлғалардан еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алған, көп пәтерлі үйлер салып, жеке кәсіпкерлерде жұмыс істеген.
Қазіргі кезде аталған заң бұзушылық үшін жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 100 АЕК сомасында айыппұл тағайындалған, сондай-ақ шетелдік тұрғындарға қатысты әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.