KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Риддерде 50 жылдан кейін жаңа мектеп ашылды

5.09.2022, 16:31 225

Риддер қаласында 600 оқушыға арналған жаңа білім ордасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Риддерлік тұрғындар үшін бүгінгі күні ерекше. Себебі жарты ғасырдан кейін жаңа мектеп бой көтерді. Ерекше күні тұрғындардың қуанышын бөлісуге ШҚО әкімі Даниал Ахметов арнайы барып, нысанның ішін аралап көрді.

Жаңа мектеп -  заман талабына сай салынған. Ішінде пәндік кабинеттер, мәжіліс пен спорт залдары, асхана, медициналық бөлме, химия, биология және технолог сабақтарына арналған тәжірибелік – эксперименттік алаң бар. Барлығы қажетті құрал - жабдықтармен толық қамтылған. Тіпті мектептің ішкі жайы жайлары инклюзивті білім беруді ескере отырып, заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкес жабдықталған. Тіпті санитариялық тораптар, қолжуғыш бөлмелер, ішкі пандустар мен лифтілер де бар.

Киім ілетін орындар әрбір оқу кабинетінің жанында кілтпен жабылатын жеке металл шкафтар түрінде орналасқан.

-        Достар соңғы рет Риддерде 1974 жылы мектеп ашылған екен. 50 жыл бойы осы қалада білім ордасы салынбапты. Енді міне оқушылар заманауи мектепте білім алатын болады. Келер жылы 600 орынға арналған  тағы да  мектеп құрылысы басталады. Сонымен қатар Риддер қаласында соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған емахана салынуда, және бірер күннен кейін мәдениет үйіне қайта жаңғыртту жұмыстары жүргізілмек. Осылайша, Президенттің тапсырмасы бойынша әлеуметтік нысандарды жаңарту бағдарламасы барынша қысқа мерзімде іске асырылатын болады,- деді Даниал Ахметов.

Айта кету керек, қазақ және орыс тілінде білім беретін аралас үлгідегі мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Ал, мектеп партасына 196 бала отырмақ. Сондай-ақ маңайдағы шағын ауылдардың оқушалырн тасымалдау жүзеге асырылатын көрінеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив