Тұман және көктайғақ: ШҚО-да дауылдық ескерту жарияланды

Ертең ШҚО-да дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 2 қазан күні облыстың солтүстік жартысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Осы ретте ТЖ қызметі тұрғындарды алыс жолға шыққанда абай болуды ескертеді. Тұман мен көктайғақ кезінде көріну нашарлайды, кептеліс, жаппай жол-көлік оқиғаларының қаупі туындайды. Халыққа өте мұқият болып, жылдамдық режимін сақтау ұсынылады. Жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауға тиіс. Желдің қатты екпіні кезінде ескі және жалғыз тұрған ағаштардан аулақ болыңыз, олардың жанында көлікті тоқтатпаңыз. Сымдар мен шайқалып тұрған заттарға жақындауға болмайды.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалу қажет.
Дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен"тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы алуға болатынын еске саламыз.