Өскемен
-19°
пасмурно ветер 1,3 м/с, В
472.17 495.5 7.57

Тұғылда спорт нысандары салынды

5.09.2022, 15:03 1 0 Ләззат Қанатқызы

Тұғылда жұртшылықтың таза ауда спортпен айналысуына мүмкіндік беретін екі спорттық нысан ашылып, бір көше орташа жөндеуден өтті.  
Тарбағатай ауданының Тұғыл кентінде шағын футбол алаңы мен көше спортымен айналысуға арналған «Street Workaut» алаңы ашылды. Тамыз айының соңғы аптасында «2020-2025 жылға арналған абаттандыру жоспары» негізінде респубилкалық трансферт есебінен Тұғыл кентінде құны 7,5 млн теңгені құрайтын шағын футбол алаңы мен құны 5,5 млн теңге Спорттық- тренажерлық «Street Workaut» алаңының ашылу салтанаты түрде аталып өтті. 
Ашылу салтанатына аудан әкімі мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудандық мәслихат хатшысы және ауыл тұрғындары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Дархан Жөргекбаев ауыл тұрғындарын жаңа спорт алаңының ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ауылдың ақ жаулықты әжелері шашу шашып, көпшілік қошеметімен спорт алаңының лентасы қиылды. Ауыл жастарының сұранысына сай жасақталған заманауи үлгідегі спорт алыңының жалпы аумағы мың шаршы метрды қамтиды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін бар жағдайды жасау қажеттігін нақтылап айтқан болатын. Салынған спорт алаңы ауыл балаларының спорттық әлеуетін арттырып, денсаулықтарын нығайтуы үшін және жеңімпаз жастарды тәрбиелеу үшін үлкен бастама болмақ.
Сонымен қатар, Тұғыл ауылында ұзындығы 2,5 шақырым болатын К. Чуленов көшесі орташа жөндеуден өткізіліп, қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, аудан басшысы Тұғыл, Қабанбай, Қарасуға ауылдарына барып, қоғамдастық мүшелерімен кездесті. Тұғылдағы екі орта білім ордасы мен мәдениет үйінің жағдайын бақылап, Қабанбай ауылдық округіне қарасты Шеңгелді елді мекеніндегі алдағы уақытта мектеп құрылысын жүргізуге қарастырған жер телімін көріп қайтты.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив