KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 4 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Тұрғындардың талабы орындалды - Шемонаиха

5.09.2022, 14:58 135

Осыған дейін Шемонаиха қаласы мен облыс орталығына таксимен қатынап келген верхубалықтар бұдан былай маршруттық автобуспен жүретін болады.
Бұл туралы, Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акуловтың ауыл-аймақ халқымен тоқсан сайын өткізетін кездесуі барысында белгілі болды. Бұл жолы, аудан басшысы атбасын Верхуба ауылына бұрған екен. 
Ауылдық округте өткен кездесуде осыған дейін жергілікті тұрғындардың басын ауыртып, балтырларын сыздатқан бірқатар мәселелер шешілді. Верх-Уба ауылдық округінің әкімі Валерий Фещенконың айтуынша, ауылдықтар үшін ұзақ уақыт бойы болған өзекті мәселелердің бірі - маршруттық қоғамдық көліктің қатынамауы екен. Осыған дейін ауыл тұрғындары Өскемен мен аудан орталығы Шемонаиха қаласына таксимен баруға мәжбүр болып келді. Көпшіліктің қалауы бойынша, жақын арада маршруттық көлік ауылға күніне екі рет, яғни таңертеңгі және кешкі уақытта қатынамақ. 
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан мектеп ғимаратының жанындағы ашылмаған құдық, өзен жағалауын қоқыстан тазарту, мәдениет үйінің іргесіндегі балалардың ойын алаңының жанына жаяу жүргіншілер жолын жасау туралы ұсыныстар түсті. Аудан әкімі аталған мәселелердің алдағы уақытта толықтай шешімін табатынын жеткізді. Сонымен қатар ол, ауыл тұрғындарын суық түскенше үйлеріне көмір, отындарын жеткізіп алуға және кешіктірмей коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациядан өтуге шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив