Өскемен
-18°
туман ветер 1 м/с, СЗ
459.92 501.31 6.62

Өскеменде күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда

29.09.2021, 15:07 27 0 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармада күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Күзгі әскерге шақыруда Өскеменнен екі жүзге жуық жас жігіт мерзімді әскери қызметке шақырылатын болады.
Әскерге шақырылушылардың бірінші тобы мемлекет шекарасын қорғау үшін құрылады. Содан кейін Қарулы Күштердің әскери бөлімдері, Мемлекеттік күзет қызметі және ҚР Ұлттық ұланына жасақталатын болады.
- Әскерге шақыру туралы хабарлама алып, қазір қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармада медициналық тексеруден өтіп жатырмын. Денсаулығыма байланысты ешқандай шағымым жоқ. Болашақта Қазақстанның Қарулы Күштері қатарында, Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет еткім келеді, - деді әскерге шақырылушы Әлинұр Заңғаров.
Биылғы жылы әскерге шақырудан босату және кейінге қалдыру туралы өтінішті портал арқылы онлайн беруге болады elicense.kz. Өтініш жіберілгеннен кейін шақыру комиссиясы қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті қарайды және қорытындысын шығарады.
Күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғаспақ.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив