KZ
Өскемен
+3°
дождь жел 2,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Өскеменде үйдің жертөлесінен мәйіт табылды

4.09.2022, 16:05 200

Шәкәрім даңғылындағы 150-ші үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жертөледен бірнеше күн қатарынан жағымсыз иіс шыққан соң, тұрғындар полицияға хабар берген.

«Полиция бөлімшесіне тұрғындардан 3 қыркүйекте өтініш түскен. Тексеру барысында көпқабатты үйдің жертөлесінен 63 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оның неден көз жұмғаны әзірше белгісіз», – деп мәлімдеді облыстық полиция депаратментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның себебін анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив