Өскемен
-8°
небольшой снег Штиль
458.69 501.3 6.52

Өрт қаупі өршіп тұр: ШҚО ТЖД дабыл қақты

4.09.2022, 12:17 36 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті күн райының жылынуына байланысты өрт қауіпінің күшейгенін хабарлады.

Мамандар тұрғындарға қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Ашық алаңқайларда және саяжайларда шөп өртеуге жол бермеу керек. Қазіргі мезгілде орманда от жағу аса қауіпті.

Көлікте келе жатып терезеден сіріңке немесе темекі тұқылын тастауға болмайды. Сондай-ақ орманға жақын жерде оталып тұрған көлікке жанармай құюға тыйым салынады.

Ауылдарда өртеуге тыйым салынады:

- пайдаланылған және қосалқы жерлердегі кепкен өсімдіктер мен арам шөп, егін қалдықтары;

- құрғақ өсімдіктермен қатар автожолдар мен темір жолдардың, жол өтпелерінің бөлу жолақтарындағы шыбықтар, үгінділер, субстанциялар.

Статистикаға сүйенсек, өрттің шамамен 80 пайызы жұмыс кезінде және демалыста отты беталды пайдаланғандықтан, саяжайларда қарапайым қауіпсіздік шараларын елемегендіктен пайда болады.

«Үйлердің, саяжай құрылыстарының, қураған ағаштардың, орман-тоғай жанында от жағу өте қауіпті. Қазіргі кезеңде жел жылт еткен ұшқынды алапат өртке айналдыруы әбден мүмкін», - деп түсіндірді ТЖД.

Өрт шыққан жағдайда «101», «112» телефондарына қоңырау шалу қажеттігін естеріңізге саламыз.

«Далада және орманды алқаптарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деп ескертті ШҚО ТЖД.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив