KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Өскеменде дәмхана өртеніп кетті

4.09.2022, 10:10 101

ТЖД қызметкерлері оқиға орнына келіп жеткенше Бажов көшесіндегі ғимараттың шатыры түгел жанып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Өрт 169 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнында 25 адам 8 техника жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер ғимараттан 3 газ баллонын алып шықты», - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттің ненің кесірінен шыққаны анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Нысандарда жарамды өрт сөндіру құралдары, автоматты өрт дабылы мен эвакуациялық жолдары болуы тиіс», - деп ескертті ШҚО ТЖД.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив