KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

ЖОО-лар жанынан университеттік аурухана мен клиника ашылады

3.09.2022, 18:07 292

Бүгін өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының Жолдауы аясында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру шараларын баяндады.


Министрдің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының дәрігер даярлауды жетілдіру жөніндегі тапсырмасына орай, үш медициналық жоғары оқу орнының жанынан көпбейінді университеттік аурухана мен клиника ашу қарастырылып отыр https://penopoldecor.kz/moldingi.


Ажар Ғинияттың айтуынша, алдағы үш жыл ішінде резидентураға бөлінетін грант санын жыл сайын 70%-ға дейін – 2023 жылы 1 мың 700-ден 2025 жылы 3 мың 400-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Ведомство басшысы денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында берілген барлық тапсырмаларын белгіленген уақытта орындайтынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив