KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Бұқтырмада жоқ үйлерді жалға берген – ШҚО

3.09.2022, 16:01 34

Өскемендік алаяқ Бұқтырмаға бармақ болған туристерге жоқ үйлерді жалға берген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, алаяқ тамыз-қыркүйек айларына демалыс туралын «ұйымдастырған». Веб-сайт құрып, жайлы үйлердің суретімен бірге жарнама жариялаған. Туристер үйді жалға алу үшін алдын ала төлем жасаған. Алаяқ осы жолмен жарты миллионға жуық қаражат қымқырған.

Бұқтырмада «демалушылар» әлі күнге дейін полицияға арыз жазып жатқан көрінеді.

Полиция 21 жастағы күдіктіні ұстады. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив