Өскемен
пасмурно ветер 2 м/с, В
457.29 490.35 5.97

ШҚО-да түнде үсік жүреді

14.09.2021, 18:04 20 0 Мадина Амангелдіқызы

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 15 қыркүйекте облыстың солтүстік-шығысында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүреді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі..

Сондай-ақ, ТЖ қызметі Бесқарағай ауданында төтенше өрт қауіпі күтілетіні жайлы ескертеді.

- Халыққа сақтық шараларын сақтау қажет. Егер нақты жерде ерекше өртке қарсы режим енгізілсе, оны жойғанға дейін орманға баруға қатаң тыйым салынады, - деп көрсетілген ТЖ қызметінің ақпаратында.

Дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады. Төтенше жағдайлар туындаған кезде «101» немесе «112» қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив