KZ
Өскемен
-4°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

"15 900 теңге": ШҚО-да тұрғындарға оқ жаудырған экс-полицей айыппұлмен құтылды

3.09.2022, 09:31 77

Риддер қаласында пәтер терезесінен оқ жаудырып, адамдарды жаралаған бұрынғы полиция қызметкері тек айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізді болса, бұған дейін Риддерде мас адам пневматикалық қарумен пәтер терезесінен көшедегі адамдарға оқ атқанын хабарлағанбыз. Екі адам жарақат алған еді. Сол кезде оны тәртіп сақшылары дер кезінде келіп тоқтатқан. Кейінірек бұзақының бұрынғы полиция қызметкері екені белгілі болды.

Облыстық полиция департаментінің ендігі ақпаратына сүйенсек, айыпталушыға сот тағайындаған жаза – бар болғаны 15 900 теңге айыппұл.

«Қалалық әкімшілік соттың шешімімен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сот жәбірленушілердің ауыр жарақат алмағанын, айыпталушының осыған дейін сотқа тартылмағанын ескерді. Ол 15 900 теңге айыппұл төлейді. Ер адамнан пневматикалық мылтық тәркіленді», - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив