Жол-көлік инфрақұрылымын дамытудың бірінші кезеңі аяқталуда - Өскемен

Өскеменде жол-көлік инфрақұрылымын дамытудың бірінші кезеңі аяқталуда. Бүгінгі таңда төрт жыл бұрын ойға алған жоспарлардың барлығы дерлік жүзеге асырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- «Қазір Алматы тасжолына шығатын І. Есенберлин көшесінің құрылысын аяқтап қалдық. Самар күрежолына бағыт алатын Қ. Сәтпаев көшесінің құрылысы да бітті. Понтон көпірінен Меновное ауылына дейінгі жолды жөндеу біршама созылып кетті, есесіне біз аталмыш елді мекеннің ішіндегі жүру бөлігін кеңейттік. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар Өскемен – Алматы автожолына шығатын жолдың құрылысын тәмәмдадық», - дейді әкім.
Келесі кезең – Алматы және Семей бағытына шығатын жолдарды, сондай-ақ облыс орталығының бірнеше көшесіндегі көлік жүретін жол тағандары мен Астана көшесінің жалғасын кеңейту.
- «2022 жылы Семейдің көшелерін күрделі қайта жаңарту қарастырылған, қала ішіндегі жолдардың 50 шақырымы жөнделетін болады. Айналма жолдың құрылысына үлкен мән береміз», - дейді аймақ басшысы.

Сонымен қатар оқыңыз