KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Әділ Қазақстанның негізгі бағыттары ұсынылды - Жамал Әскеров

2.09.2022, 11:56 153

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. «Президент елдің әлеуметтік-экономикалық реформаларының нақты бағытын белгілеп, Үкімет жұмысындағы проблеманы көрсетіп, мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді. Бұл тапсырмалардың орындалуы мемлекет дамуының жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді», - деп есептейді «Кавказ» ансамблінің лезгинка мектебінің көркемдік жетекшісі, Шығыс Қазақстандағы әзірбайжан этномәдени бірлестігінің белсендісі Жамал Әскеров.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған бағдарламалық құжатта Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының өсуі басымдыққа ие болып отыр. Әділ мемлекеттің негізі «күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» формуласы арқылы бекиді. Президенттің айтуынша, бұл тұжырым біздің қоғамымыздың берік негізі болады. Қазақстандықтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларын кешенді реформалау, мемлекет пен қоғам арасындағы ұлттық ынтымақтастық пен әріптестікті нығайту, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істеу, ортақ іс төңірегінде халықтың игілігі үшін топтасу үшін әрбіріміз нақты қадам жасауымыз керек. Әділетті мемлекет идеясының мәні осында», - дейді белсенді Ж.Әскеров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив