KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ауылға заманауи сапалы медицина келеді - ШҚО

2.09.2022, 11:31 77

Ел Президенті кеше, яғни 1-қыркүейк күні халыққа Жолдауында медицина саласына ерекше көңіл бөлді.

-        Ел Президентінің өз халқына әрбір Жолдауы-жас мемлекетіміздің өркендеуіне, тұрақтылығын нығайтуға жасалған тағы бір қадам.  Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылдады. Оның айтуынша, екі жыл ішінде 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылады. Бұл өте жақсы, өйткені мемлекет миллионнан астам азаматқа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Ал ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпбейінді мекемелерге айналады, оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері пайда болады, бұл біздің медициналық қызмет көрсету сапасы одан әрі арта түсетінін білдіреді. Мысалы, қазір бізде, Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер инфаркт пен инсультті эндоваскулярлық транскатетерлік әдіспен, бұл пациентке барынша қысқа мерзімде оңалтуға және қалыпты өмір салтына оралуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі біздің дәрігерлердің жыл сайын шетелде біліктілігін арттыруының арқасында. Біздің өңірде жоғары технологиялық медициналық қызметтің бірнеше түрі енгізілген. Енді телемедицина да дамытылады, ол шалғай аудандардың тұрғындарына білікті көмек көрсетуге жол ашады. Біздің медицина тек қана алға жылжитын болады деп есептеймін, - деп атап өтті Төлеген Хайруллаұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив