Өскемен
-26°
туман ветер 2 м/с, В
460.43 501.04 6.65

Өскемендегі қоқыс сұрыптайтын зауыт қашан аяқталады?

6.09.2021, 16:14 15 0 Мадина Амангелдіқызы
Өскеменде қоқыс сұрыптайтын зауыт салынып жатқаны белгілі. Алайда аяқталу мерзімі қазан айына созылды. Оған не себеп? Бұл туралы қала әкімдігі өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.
– Қоқыс сұрыптайтын зауыттың құрылғылары Грекиядан алынып жатыр. Өкінішке қарай, карантин шектеулеріне байланысты жабдықты жеткізу ұзаққа созылды. Негізгі құрылғылар келгенімен, толықтай жеткізіліп болған жоқ, – дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Абзал Мәулетхан.
Осы орайда еске сала кетейік, қала әкімінің орынбасары Денис Федченко зауыт құрылысы 29 тамызда аяқталатынын мәлімдеген. Бұл зауыт қаладағы қоқыстың 30 пайызын қайта өңдеуге жіберіп отыратынын айтқан. 
Айта кету керек, қаладағы 1959 жылдан бергі қолданыстағы қоқыс полигонының пайдалану мерзімі асып кетті. Оның аумағында бірнеше мәрте өрт те шыққан белгілі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив