KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Бизнес-ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау жолындағы нақты қадамдар

2.09.2022, 11:13 163

Шағын және орта бизнес нақты сектор тиімділігінің маңызды көрсеткіші, ал бизнес-ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау мемлекет жұмысының негізгі бағытының бірі. Бұл туралы ел билігі үнемі айтып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауында кәсіпкерлік ортаны құру жұмысының бағытын анықтап берді.

- Мемлекет басшысының айтуынша, кәсіпкерлерге жерді ашық және жылдам бөлудің тиімді әдістері анықталуы тиіс. Бұл жыл соңына дейін әзірленуі тиіс. Сонымен қатар, әр ауданда және елді мекенде бос немесе игерілмей жатқан жерлердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуі керек. Президент атап өткендей, бұл шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың да бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Сонымен қатар, отандық бизнес үшін несие ресурстарының жетіспеушілігі өзекті мәселе екені белгілі. Бұл тұрғыда Үкіметке нақты секторды тұрақты және қолжетімді несиелендіруді қамтамасыз ететін нақты шешімдер табу тапсырылды.

Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылына келетін болсақ, бұл жерде Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа моделіне көшу қажеттігін айтты. Келісім-шарттар ашық және бәсекелі негізде жасалуы тиіс. Ол үшін тиісті заң қабылдануы тиіс.

Жыл басынан бері тек Шығыс Қазақстан облысында ғана барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта бизнестің 1,2 млрд. теңгеге 155 жобасы субсидияланды және кепілдендірілді. Бұл инвестициялар көлемінің 107,2%-ға және ШОБ-тан бюджетке төленетін төлемдердің 116,6%-ға өсуіне ықпал етті. Демек шағын және орта бизнест ел экономикасы дамуының жаңа кезеңіне серпін берді деуге негіз бар, – деді «AMANAT» Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив