KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да колледждер жаңа оқу жылына дайын

2.09.2022, 10:30 181

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында 42 колледж бар. Соның ішіндегі 25 оқу орны – мемлекеттік, 17 оқу орны – жеке меншік, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Колледжерде 16 мың 215 студент 60 мамандық бойынша білім алып жатыр.

– Облыста техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 2022-2023 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі сұранысқа ие кәсіптер бойынша 5156 орын көлемінде бекітілді. Оның ішінде облыстық бюджет есебінен 3705 орын, 1451 орын республикалық бюджеттен талапкерлерді қабылдауға арналған. Қазіргі уақытта колледждерге 5156 орынға қабылдау аяқталды – деді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алима Ақылбек.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, биыл мектепті 8866 оқушы аяқтады. Оның 5625-і жоғары оқу орындарында, оның ішінде 450-і облыс әкімінің гранты бойынша оқуын жалғастырады.

– Білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау ерекше бақылауда, – деді Алима Ақылбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив